Астанада көпқабатты пәтерде өрт шықты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BFSk8LvIFaPrTAqWCOQdCBY9AwmFev7bzO83WOUM.webp

Бүгін Астанада Мәңгілік Ел даңғылындағы он екі қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтерлердің бірінде керме төбе өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт жедел түрде оқшауланып, толықтай сөндірілді.

"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.

Пікірлер