Ауыл шаруашылығын дамыту – маңызды міндет

914
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қ. К Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Суды барынша үнемдеу жұмысын ұйымдастыру керек. Бұл – ең алдымен, ауыл шаруашылығына қатысты мәселе, яғни су үнемдеу технологиясын, әсіресе, ауыл шаруашылығында кеңінен қолдану қажет.»,- деп атап өткен болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру және ауданымызда ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар іске асырылып келеді.

Бүгінде,  Алакөл ауданының негізгі приоритеттерінің бірі- қант қызылшасы өнім көлемін молайту, жаңа технологияларды қолдану жұмыстары басты назарда.

Осы орайда, «Bolat Group LTD» ЖШС-гінің қант қызылшасы алқабында шаруа иесі Болат Сейрбаевтың ұйымдастыруымен қант қызылшасы өнімін молайтудың тиімді жолы, заманауи техникаларды қолдану, тұқым түрлері және тамшылатып суару технологиясын пайдаланудың маңыздылығы жөнінде қала, ауылдық округтегі ауыл шаруашылығы саласының мамандары, шаруа қожалықтарымен аудандық семинар өтті.

Жиында аудан әкімі А. Абдинов шаруа қожалықтарына бір кісідей жұмыла ат салысып, ауданымыздың негізгі басымдықтарының бірі – қант қызылшасын көбейтіп, ауыл шаруашылығы саласын дамыту қажеттігін атап өтті. Арнайы шақырылған «Август» АҚ мен «Explanta» ЖШС-гі заманауи технологиялар мен дұрыс әрі сапалы тұқым түрлерін пайдаланып өнім көлемін молайту жөнінде кеңестерімен бөлісті.

«Bolat Group LTD» ЖШС-гі биылғы жылы 3 см тереңдікке 275 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясын пайдаланып тәтті түбір өнімін екті. Тамшылатып суару әдісі арқылы 6-8 есе су мен тыңайтқыш, жұмыс күші үнемделеді. Шаруа иесі су көлемін үнемдеу, жер құнарлығын сақтау, өнім көлемін молайту үшін алғаш рет облысымызда тамшылатып суару әдісін қолданды. Жиым терім уақытында 275 гектар жерден мол өнім алса, келесі жылы 1000 гектар жерге қант қызылшасын себуді көздеп отыр.

Шаруа басшысы Б. Сейрбаев ауданымыздағы шаруа қожалық иелеріне тамшылатып суару технологиясының маңыздылығын атап, жұмыс барысын, қолданған тұқым түрлерін таныстырып өтті. «Жиым терім уақытына да аз қалды. Ендігі басты мақсат өнім көлемі оң нәтиже берсе, ауданымызға үлкен қант қызылшасы зауытын салсақ.»-дейді «Bolat Group LTD» ЖШС-гінің басшысы.

Пікірлер