Екібастұзда ғимаратты бөлшектеу кезінде кран құлап түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«8 қыркүйек күні сағат 15.17-де төтенше жайт бойынша шақырту келіп түсті. Оқиға орнына құтқарушылар жетті, бірақ олардың көмегі қажет болмады. Жүргізуші құлау кезінде секіріп үлгерген, ол зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады сәрсенбі күні Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінен.
Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, басқа зардап шеккендер жоқ.