Екібастұзда ғимаратты бөлшектеу кезінде кран құлап кетті

1839
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/izobrazhenie_2024-09-11_145432317.png
Екібастұзда ғимаратты бөлшектеу кезінде кран құлап түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. «8 қыркүйек күні сағат 15.17-де төтенше жайт бойынша шақырту келіп түсті. Оқиға орнына құтқарушылар жетті, бірақ олардың көмегі қажет болмады. Жүргізуші құлау кезінде секіріп үлгерген, ол зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады сәрсенбі күні Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінен. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, басқа зардап шеккендер жоқ.
Комментарии