Краннан құлап аяғынан айырылған жұмысшының талабына компания жауап бермеді

140
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RsCJlyz7OKlAHtcFxSpT1bm9dgejHXZcYqEuAO0t.webp

Астанада құрылыс алаңында мұнаралы кранды бөлшектеу кезінде кран машинисі биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

КТК мәліметінше, Әйелдің оң аяғын ампутациялауға тура келген. Қайғылы оқиға 31 тамызда болған. Құрылыс нысанында мұнаралы кранды бөлшектеу жұмыстары жүргізілген кезде кран құлаған. Тағы бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапқан. Ал кран машинисі ес-түссіз күйде жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

Зардап шеккен Ақмарал Қаралиеваның айтуынша, жұмысшылар кранның бір секциясын шешкеннен кейін рация арқылы бірнеше секцияны қатарынан бөлшектеу туралы нұсқау берілген. Осыдан кейін кран қатты шайқалып, әйел биіктіктен құлап кеткен.

Қазір Ақмарал Қаралиева ауруханада ем қабылдап жатыр. Ол үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырғанын айтады.

Жұмыс беруші зардап шеккен әйелге мүгедектер арбасын алып берген. Компания үш айлық жалақы көлемінде өтемақы төлеуге уәде еткен. Алайда әйел еңбекке қабілеттілігінен айырылғанына байланысты ұзақ мерзімді қаржылық қолдау көрсетілуін талап етіп отыр.

Зардап шеккен әйелдің пәтер бойынша 19 миллион теңгеден астам қарызы бар екені хабарланды.

Құрылыс компаниясы оқиға мен еңбек дауына қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.

Қазір оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр.

Пікірлер