Бүгін, 10 қыркүйек таңертең Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан автосервис өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Нақтыланған мәлімет бойынша, шина монтаждауға жабдықталған контейнердің ішінде жабдықтар, ішкі қаптама және резеңке-техникалық бұйымдар жанған.
Өрт сөндірушілер оттан сыйымдылығы 50 литр болатын 2 оттегі баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды.
Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.