Белгородтағы мұнай базасынан өрт шықты

1887
Adyrna.kz Telegram
Фото:  "Белгород № 1" телеграм-парақшасынан
Фото: "Белгород № 1" телеграм-парақшасынан

Белгородтағы мұнай базасында өрт шықты, зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Бұл туралы жұма күні Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков өзінің Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Белгород қаласындағы мұнай базасында өрт болды. Оқиға орнына барлық төтенше жағдайлар қызметі аттанды. Оны жою шаралары жүргізілуде. Себептер мен зардап шеккендер бар болса, егжей-тегжейлі мәліметтер сәл кейінірек хабарланады", - деді ол.

Белгород мэрі Антон Иванов өзінің Telegram-каналында оқиға орнына өзі де барғанын жазды.

Кейін Вячеслав Гладков өзінің Telegram-каналында екі адамның жараланғанын хабарлады.

"Зардап шеккендер бар. Екі адам. Бұл мұнай базасының жұмысшылары. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Почтовая, Макаренко және Константин Заслонов көшелерінің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруді бастап жатырмыз", - деп жазды губернатор.

Бұл көшелердің қиылысына жақын жерде көптеген тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, атап айтқанда, балабақшалар, бірқатар қоймалар орналасқан.

Бұған дейін Белгород облысындағы Журавлевка ауылында бірнеше жарылыс болған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің мәліметінше, бұған Украина аумағынан ұшырылған снарядтың жарылуы себеп болған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер