Ақтөбе облысында 10 жасар қыз көліктің ішінде тірідей жанып кетті

1231
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында 10 жасар қыз көліктің ішінде тірідей жанып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«27 тамызда Хромтау ауданы Дон ауылында ВАЗ автокөлігінде өздігінен өрт шықты. Көлік ішінде 10 жасар қыз болған», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көршілердің бейнебақылау камераларынан көліктің аулада тұрғанын көруге болады. Бұл кезде қыздың ата-анасы үйде болған.

«Өрттің шығу себептері анықталуда. Мәйіттің табылуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп қосты полицейлер.

Пікірлер