Қырғыз Республикасы экс-президентке мәртебесін қайтаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24.kg-ға сілтеп.
Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Еділ Байсалов экс-президент Асқар Ақаевтың заң жүзінде экс-президент мәртебесін сақтап отырғанын айтады.
«Заң тұрғысынан алғанда, Асқар Ақайұлының Қырғыз Республикасының экс-президенті атағын сақтап отырғанына еш күмән жоқ. Егер кімде-кім оны осы мәртебеден айырғысы келсе, 2019 жылы тек А.Ш.Атамбаевқа қатысты болған импичмент процедурасы жүргізілуі керек», - деп атап өтті. Сондай-ақ, Байсалов бұл оның жеке пікірі екенін айтты.Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, «қазіргі уақытта қоғамдық ресурстарды баяғы оқиғалар мен жағдайлар төңірегінде талқылаулар мен дауларға бұрудың қажеті жоқ. Керісінше күш-жігерді бүгінгі күннің міндеттеріне бағыттаған дұрыс». Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін экс-президент Асқар Ақаев “экс-президент мәртебесін” қайтаруды сұраған болатын. Ақаев Қырғызстанды тәуелсіздіктен 2005 жылы 24 наурыздағы революция нәтижесінде отставкаға кеткенге дейін басқарды.
Ұқсас жаңалықтар
Қырғызстан су беруді тоқтатты. Бізді суға байланысты көрші елдермен алда қиын келіссөздер күтіп тұр.