«Кімге сенерімді білмеймін». Харассмент үшін айыпталған Садықовтың танымал қызы пікір білдірді

883
Adyrna.kz Telegram
Коллаж: adyrna.kz
Коллаж: adyrna.kz

Әріптес әйелге ұятсыз хаттар жазды делінген «Ақ жол» партиясының экс-депутаты Асқар Садықовтың қызы, белгілі әнші Данеля (Dequine) әкесінің әрекетіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Соңғы күндері көп жаңалық болып, оқиғалардың қалай өрбігенін өздеріңіз көріп жүрсіздер. Менің әкем Асқар Садықов жұмыс орнындағы харассментіне байланысты қатты айыпталды. Мен де болып жатқан оқиғаларға қатты таң қалдым. Шынымды айтсам, мен не айтарымды білмеймін. Не істеу керегін, кімге сену керегін және мұндай жағдайда қалай әрекет ету керегін білмеймін», - дейді әнші.

Ол мұндай жаңалыққа өмір оны дайындамағанын айтты.

«Харассментті басынан өткерген адам үшін қазіргі оқиға - үлкен стресс. Бұл жағдай менің өмірімдегі екі негізгі құндылыққа әсер етті: менің отбасым және әйелдердің құқықтары. Мен бірнеше жыл бұрын зорлық-зомбылыққа және зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне қарсы шыққанымды және қазір де сол ұстанымыма адал екенімді түсіндіргім келеді. Мен зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісін айыптаймын. Осы қиын кезеңде мені қолдайтын және жанашыр адамдарға рақмет», - дейді Данеля.

Пікірлер