Жұмыстан қуылған экс-депутат Асқар Садықов мәлімдеме жасады

1127
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әйелге ұятсыз ұсыныс жасаған деп мандатынан айырылған Асқар Садықов желіде қазақстандықтарға видео жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұрынғы депутат 6 баланың әкесі екенін айта келе, Азат Перуашевтың мәлімдемесін жоққа шығарды.

«Мені өзіңіздің лас ойыныңызға араластырмаңыз. Манипуляция жасамаңыз. Мен енді үндемей қала алмаймын. Жасалған мәлімдеме партия басшысының деңгейіне сай емес, дегенмен Азат Перуашев халықты талай адастырған, оның жұмыс істеу стилі сондай.

Азат Перуашев сізге айтарым, егер мені партиядан шығарып жібергіңіз келген болса, менің абыройымды түсіретін лас айыптар тақпай, басқа дәлелдер келтірсеңіз болар еді. Егер сіздің айтқаныңыз рас болса, сіз мұны әуелі менімен және партия мүшелерімен мамыр айында талқылар едіңіз», - деді ол.

Айтуынша, болған жағдай мәжілістің тәртіптік кеңесінде талқыланбаған.

«Қазір мен де басқа азаматтар сияқты осы хабарды естіп төбемнен жай түскендей болып отырмын. Бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында сіздің бүкіл жалған мәлімдемелеріңіз елге белгілі. Соған қарағанда Азат Перуашев өзінің орынбасарының Ұлттық гвардияның генералына пара бергені туралы ақпаратты жасырып қалғысы келіп, ақпарат ауанын маған бұруға тырысқан сияқты. Азат Перуашев сіз мақсатыңызға жеттіңіз», - дейді экс депутат.

Еске салайық, бұған дейін  «Ақжол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Асқар Садықовтың не үшін мандатынан айырылғанын хабарлаған болатын.

 

Пікірлер