Фото: СІМ
23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау үшін шетелдегі сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі айтты, деп хабарлайды “Адырна”.
Ақпаратқк сәйкес, Сеулдегі №422 және Токиодағы №425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылып, дауыс беруді алғашқылардың бірі болып бастады. Одан кейін Малайзиядағы №423 сайлау учаскесі жұмысқа кірісті.
Кейіннен Сингапур, Индонезия және Вьетнамдағы сайлау учаскелері де кезекпен ашылып, дауыс беру басталды.
Ал Құрылтай сайлауында алғаш болып дауыс берген Қазақстан азаматы – Сеулдегі Корея университетінің студенті Ажар Кәрімжанова.
Ұқсас жаңалықтар
