Жоғарғы Кеңес 24 қыркүйектегі отырысында «Қырғыз Республикасы президентінің кезекті сайлауын тағайындау туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «АКИpress» агенттігіне сілтеме жасап.
Құжатты отырысқа қатысқан 86 депутаттың барлығы қолдаған. Қолданыстағы конституциялық заңға сәйкес, мемлекет басшысының кезекті сайлауы қазіргі президенттің өкілеттік мерзімі аяқталатын жылдың қаңтар айының төртінші сәрсенбісінде өткізіледі. Сайлау күнін парламент дауыс беру өтетін күннен кемінде төрт ай бұрын белгілеуі тиіс.
Осылайша Қырғызстандағы кезекті президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарда өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
