Алматыда 114 миллион теңгеге жалған бренд тауарлар сатқан алаяқ сотталды

1000
Adyrna.kz Telegram

Алматыда 114 миллион теңгеге жасанды жалған бренд тауарлар сатқан алаяқ сотталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеп.

«Сот сотталушы Х.-ны Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танып, бес жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл жаза жеңілдетілген түрде, соның ішінде бұрын-соңды соттылығының болмауы ескеріле отырып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Айтуынша, сотталушы журналдардың бірінде бренд-директор болып жұмыс істеп жүріп, жәбірленуші К-мен кездесіп, қалыптасқан достық қарым-қатынастың арқасында олар Алматыда және шетелде қоғамдық шараларға бірге қатысқан.

Өзін сән үйлері мен брендтік дүкендердің қызметкерімін деп таныстырған Х. жаңа таныстарына ресми дүкендердегіден арзан бағада түпнұсқа әшекей бұйымдар мен фирмалық тауарларды беруге уәде еткен.

Мәліметтерге сәйкес, жәбірленушілердің бірі оған сөмке үшін 14,5 миллион теңге берген, сөмке жалған бренд болып шыққан. Дәл осы схема бойынша сотталушының шотында жалпы сомасы 114 миллион теңгені құрайтын алаяқтықтың тағы жеті эпизоды тіркелді.

Айыпталушы тек курьер ретінде тауар жеткізгенін айтып, өз кінәсін мойындамады.

Пікірлер