"Сенім деңгейін қалыптастырған". Кішкентай қызға зорлық көрсеткен бапкердің ісіне қатысты не белгілі?

1285
Adyrna.kz Telegram
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Павлодар облысында 10 жастағы қыз баланы зорлаған бапкерге қатысты балалар құқығы жөніндегі уәкіл пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бүгін футбол клубының бапкері қызды зорлады деген ақпарат тараған болатын. Балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова жәбірленушінің анасына хабарласып, баланың жағдайын сұраған.

"Полиция қызметкерлерінің әрекеті құрметке лайық, қыздың анасы риза. Полицейлер жедел әрі сауатты, мүмкіндігінше дұрыс әрекет етті дейді . Мен өз тарапымнан анасына 10 жасар қызының қорықпай, бәрін айтып, сол арқылы бір емес, бірнеше баланы аман алып қалған қылығына таңданысымды білдірдім! Мен үшін бұл – ерлік! Мұндай батырлық кез келген ересек адамның қолынан келе бермейді! Сондай-ақ көпбалалы анаға қызына берген тәрбиесі үшін алғыс айттым. Өйткені ата-ана өздеріне деген сенім деңгейін қалыптастырған, соның арқасында балалар отбасында өзін қауіпсіз сезінеді", – деді Павлодар облысының балалар құқығы жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенова.

Сот сараптамасы қыз бен ер адамның арасында тікелей жыныстық қатынас болмағанын көрсеткен. Алайда бапкер кәмелетке толмаған қызға тиісіп, өзінің әурет жерлерін ұстатқан. Қызды қонақүйге апарып, содан кейін үйіне апарып тастағаны айтылуда.

Қазір ер адам қамауға алынды.

Пікірлер