Ресейдің Украинаға жасаған шабуылынан 41 адам қаза тапты

1061
Adyrna.kz Telegram
Фото: Украина Президентінің кеңсесі
Фото: Украина Президентінің кеңсесі

Ресей Украинаның Полтава қаласына соққы жасап, салдарынан 41 адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

ВВС агенттігі 180 адамның жараланғанын мәлімдеді.

Украина президенті Зеленский, қалада білім беру мекемесі мен ауруханаға баллистикалық зымырандармен шабуыл жасалғанын хабарлап отыр. Адам өмірін жалмаған соққы 3 қыркүйек күні таңертең болған.

"Байланыс институтының бір ғимараты жартылай қирап қалды. Адамдар үйінділер астында қалды. Көбі аман қалды. 180-нен астам адам жарақат алды. Өкінішке қарай, көбі қайтыс болды. Қазір 41 адам қайтыс болғаны белгілі. Барлық отбасы мен жақындарына көңіл айтамын", – деді Зеленский.Оның айтуынша, құтқару жұмыстарына барлық жедел қызмет жұмылған.

"Соққыдан кейінгі алғашқы минуттардан бастап адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектескендерге алғыс айтамын", – деді Зеленский.

Украина билігінің мәліметінше, Ресей елдегі қарулы күштердің Полтавадағы оқу орталығына екі баллистикалық зымыран тастап, соққы жасаған.

"Бүгін Полтава қорқынышты күнді бастан кешіріп жатыр. Ресейлік агрессор қаладағы оқу орындарының біріне асқан қатігездікпен шабуыл жасады", – делінген Украина қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Пікірлер