Шахта апаты. Шығыс Қазақстанда 4 кенші көз жұмды

1070
Adyrna.kz Telegram
Сурет: aa.com.tr
Сурет: aa.com.tr

Шығыс Қазақстандағы "Востокцветмет" ЖШС шахтасында төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға 31 тамыз күні сағат 17:30-да болған. ТЖД кеншілердің белгісіз заттан уланып көз жұмғанын хабарлады.

Одан өзге тағы бір адам Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский аудандық ауруханасына жатқызылды.

Кенішке иелік ететін KAZ Minerals компаниясы қайғылы оқиғаның болғанын растады. Компания "Востокцветмет" ЖШС кенішіндегі жұмысшылардың өлімінің мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады.

"Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы оқиғаны тергеу үшін KAZ Minerals тобының директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук Ертіс кенішіне жеке қатысу үшін барған", - деп хабарлады компания.

KAZ Minerals компаниясы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, "отбасына жан-жақты көмек көрсетуге" уәде берді.

Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

"Тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады облыстық полиция.

Пікірлер