Шешенстан президентінің 16 жастағы ұлы бір жылда оныншы наградасын алды

1193
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Шешенстан президентінің кәмелетке толмаған ұлы оныншы наградасына ие болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 1bol.kz-ке сілтеп.

Рамзан Қадыровтың ұлы награданың барлығын 1 жылда алған.

16 жастағы Адам Қадыров бұл жолы ең жоғары марапат - Ахмат Қадыров атындағы орденіне ие болды.

"Бұл - оның жоғары адамгершілік қасиеттері мен адалдығына берілген лайықты баға. Адам - нағыз мұсылман және шешен ұлтының өкілі ғана емес, ол өз халқының абыройын асқақтатып жүрген патриот", - деп жазды ұлттық саясат және сыртқы байланыс министрі Ахмед Дудаев.

Пікірлер