Сайлауда Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров 99,70% дауыс жинап, көш бастап тұр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
КПРФ кандидаты Халид Накаев 0,12% дауыс жинады. Грозный қаласының экс-мэрі, Шешенстан әкімшілігі басшысының орынбасары Иса Хаджимурадов «Шындық үшін, Әділетті Ресей» партиясынан 0,15% алды.
Рамзан Қадыров 2011 жылдың 5 сәуірінен бастап Шешенстанның басшысы болды. Республика басшысының сайлауында «Единая Россия» партиясынан кандидат ретінде ұсынылды.