Шешенстан президентінің кәмелетке толмаған ұлы оныншы наградасына ие болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 1bol.kz-ке сілтеп.
Рамзан Қадыровтың ұлы награданың барлығын 1 жылда алған.
16 жастағы Адам Қадыров бұл жолы ең жоғары марапат - Ахмат Қадыров атындағы орденіне ие болды.
"Бұл - оның жоғары адамгершілік қасиеттері мен адалдығына берілген лайықты баға. Адам - нағыз мұсылман және шешен ұлтының өкілі ғана емес, ол өз халқының абыройын асқақтатып жүрген патриот", - деп жазды ұлттық саясат және сыртқы байланыс министрі Ахмед Дудаев.
Related news
Teacher of mathematics NIS Taldykorgan became the owner of the badge "Honorary Worker of Education of the Republic of Kazakhstan"