Жол апатынан бір үйдің 5 адамы қаза тапты

1269
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында 26 тамыз күні жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлия ауылындағы жол-көлік апатынан зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген соң көз жұмды.

Бір үйдің 5 адамы қаза тапқан жол апаты Самара - Шымкент тасжолында болған. Дәрігерлер Қобда аудандық ауруханасына жеткізілген баланы аман алып қалу мүмкін болмағанын айтты.

“Жедел жәрдем алғашында 3 жасар бала деп шамалап айтты. Түрлі дене жарақатын алған баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Дәрігерлер 30 минут бойы жанталасқанымен, 2020 жылы туған бала көз жұмды. Ал ауруханаға түскен жүргізушінің жағдайы бірқалыпқа түсті. Қазір есін біледі, бірақ жағдайы ауыр. Оны санавиациямен Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізу жолы қарастырылып жатыр”, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

26 тамыз күні сағат шамамен 18:45-те жол-көлік апатынан бірден төрт адам көз жұмған еді.

Қайтыс болғандардың ішінде екеуі 12 жастағы қыз және 14 жастағы ұл.

Пікірлер