Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артуда, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Киодо агенттігіне сілтеп.
Жапонияда болған зілзаладан 126 адам қайтыс болды. Ал іс-түссіз жоғалғандар саны 210-нан астам.
Ведомствоның хабарлауынша, ең қатты зардап шеккен Ваджиме қаласы. Қала билігі әлі де қираған ғимараттардың астында 100-ге жуық адам қалғанын айтқан.
Жаңа жылдың алғашқы күні Ишикава префектурасының Ното түбегінде магнитудасы 7,6 құраған күшті жерасты дүмпулері сезілді. Билік елдің батыс жағалауында цунами қаупі барын да жариялаған болатын.
Зардап шеккен аймақтарда құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.