3 жыл бұрын Ауғанстаннан әкетілген әскери ұшақтар Өзбекстанда қалатын болды

1178
Adyrna.kz Telegram
Фото: topwar.ru
Фото: topwar.ru

2021 жылдың тамызында Ауғанстаннан әкетілген әскери ұшақтар мен тікұшақтар Өзбекстанда қалатын болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ферғана агенттігінің дерегінше, АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі Джонатан Хеник ұшақтардың ауған халқына емес, Америкаға тиесілі екенін айтқан.

«Ұшақтар Өзбекстанда болады. Бұл жабдық ешқашан ауғандық болмаған, Америкаға тиесілі. Ауғанстан армиясы ұшақты пайдаланды, бірақ біз ұшақтарға әрқашан қожайын болдық», - деп түсіндірді АҚШ елшісі.

2021 жылдың тамыз айында «Талибан* радикалды қозғалысы кезінде ауған ұшқыштары әріптестерімен және олардың отбасыларымен Ауғанстан әуе күштеріне тиесілі ұшақтар, тікұшақтар арқылы Өзбекстан мен Тәжікстанға ұшып кеткен еді.

Бұл ұшақты бір кездері Ауғанстан үкіметінің әуе күштеріне америкалық армия берген.

АҚШ қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұрланған ұшақтардың 46-сы - Өзбекстанда, 18-і Тәжікстанда тұр.

Сол жылдың қыркүйегінде Өзбекстан сыртқы істер министрлігі елге заңсыз кірген Ауғанстанның барлық бұрынғы әскери қызметкерлері мен бейбіт тұрғындарының үшінші елге жеткізілгенін хабарлады. Ал ұшақтың тағдыры белгісіз болып қалған болатын.

Кейіннен, 2022 жылдың сәуірінде Өзбекстан президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашев ұшақ Америка билігіне қайтарылатынын айтқан.

«АҚШ үкіметі ұшақтарға ақша төледі. Ол бұрынғы Ауғанстан үкіметін қаржыландырды. Осылайша, біз ұшаққа қатысты шешімді толығымен Вашингтон шешеді деп санаймыз», - деді Иргашев.

Алайда 2022 жылы «Талибан» қозғалысы құрған Ауғанстанның қорғаныс министрлігі Өзбекстан мен Тәжікстанға өткен жылдың тамыз айында Орталық Азияның посткеңестік республикаларына ұрланған тікұшақтарды қайтару туралы өтінішпен жүгінген еді.

Талибан қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы тікұшақтарды қайтарғысы келетінін айтты.

«Тікұшақтар – ауған халқының меншігі. Оларды қазіргі үкіметке қайтару керек», - деді Хоразми.

Пікірлер