Елімізде бірнеше жол ақылы болмақ

924
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Елімізде өзге автожолдар ақылы болуы мүмкін, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Балқаш – Бурылбайтал" республикалық автожолының ақылы болуы туралы Көлік министрлігі "Ашық құқықтық нормалар" порталында жариялады.

Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін көтеру мақсатында республикалық маңызы бар тас жолды ақылы ету жоспарланып отыр. Ақылы жолдан түскен ақшаға жолдардың жөндеу, күтіп ұстау, сондай-ақ жолдарды күтіп ұстауға қажет құрал-жабдықтар сатып алынбақ.

Сондай-ақ, өзге де жолдар ақылы болмақ:

  • Қызылорда – Арал;
  • Ақтөбе – Орал;
  • Ақтөбе – Орынбор;
  • Қайнар – Бішкек;
  • Жетібай – Шетпе – Бейнеу – Ақжігіт;
  • Павлодар – Семей;
  • Астананың солтүстік айналма жолы;
  • Орал – Саратов;
  • Көкшетау – Петропавл;
  • Астана – Атбасар;
  • Павлодар – Омбы;
  • Семей – Қалбатау.

 

Пікірлер