Елімізде бірнеше жол ақылы болмақ

1944
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/atyrau-zhol-trassasy-960x500.jpeg?token=50cab77cd67fada6aa52272dfbb6f6a8
Елімізде өзге автожолдар ақылы болуы мүмкін, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. "Балқаш – Бурылбайтал" республикалық автожолының ақылы болуы туралы Көлік министрлігі "Ашық құқықтық нормалар" порталында жариялады. Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін көтеру мақсатында республикалық маңызы бар тас жолды ақылы ету жоспарланып отыр. Ақылы жолдан түскен ақшаға жолдардың жөндеу, күтіп ұстау, сондай-ақ жолдарды күтіп ұстауға қажет құрал-жабдықтар сатып алынбақ. Сондай-ақ, өзге де жолдар ақылы болмақ:
  • Қызылорда – Арал;
  • Ақтөбе – Орал;
  • Ақтөбе – Орынбор;
  • Қайнар – Бішкек;
  • Жетібай – Шетпе – Бейнеу – Ақжігіт;
  • Павлодар – Семей;
  • Астананың солтүстік айналма жолы;
  • Орал – Саратов;
  • Көкшетау – Петропавл;
  • Астана – Атбасар;
  • Павлодар – Омбы;
  • Семей – Қалбатау.
 
Comments