Жолды бөлісе алмаған жүргізушілер төбелесті

1282
Adyrna.kz Telegram
Фото ашық деркккөз
Фото ашық деркккөз

Алматыда қос жүргізуші жолды бөлісе алмай, жұдырықтасты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Олардың ерсі әрекеті желіде тараған. "Кобальт" көлігін тізгіндеген жүргізушіні ер адам ұра жөнелген. Кейін бетінен тіземен тепкен.

Екі жүргізуші арасындағы дау жол үстінде болғанын байқауға болады. Өзге көліктің жүргізушілері жұдырықтасқандарды тоқтатуға асыққан.

Қалалық ПД жағдайға қатысты мәлімдеме берді.

"Ұрып-соғу дерегіне қатысты Әуезов ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Дене жарақаттарының деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қорытындысы бойынша тергеу материалдары сотқа жіберіледі", – делінген хабарламада.

Пікірлер