Германияда ірі химиялық зауыт өртенді

986
Adyrna.kz Telegram

Германияда ірі химиялық зауыт өртенді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы inbusiness-ке сілтеп.

Германияның Саксония-Анхальт жерінде "Линде" концернінің ірі химиялық зауытында өрт шыққан.

Оқиға куәгерлері зауыттан қатты дыбыс естілгенін, артынша қара түтін көтерілгенін айтуда. Шетелдік БАҚ-та апаттан қаза тапқандар не зардап шеккендер туралы әлі ақпарат тіркелмеді.

Осы уақытқа дейін зауыт сутегі, оттегі, азот, көміртегі тотығы және басқа да арнайы газдар өндірумен айналысып келген.

Төтенше жағдайлар қызметі Лойна мен Бад Дюрренберг қаласының тұрғындарына терезелер мен есіктерін жауып, үйден шықпауға кеңес берді.

Пікірлер