4 адам ажал құшқан оқиғадан соң. Зауыттағы апатқа жұмыс беруші кінәлі деп танылды

2227
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Қарағандыдағы зауытта болған апаттың себебі анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ktk.kz-ке сілтеп.

Ферроқорыту зауытындағы апат төрт адамның өмірін жалмаған болатын. Шілде айында болған апаттың себептерін зерттеген арнайы комиссия кінәлі жұмыс беруші деп тапты.

Ферроқорыту зауытындағы апат 20 шілде күні орын алды.

Зауыттағы пештен кенеттен атқылаған ыстық жалын сегіз адамды шарпыды. Оның төртеуі қаза тауып, денесін күйік шалғандарға шұғыл көмек көрсетілді. Екі жұмысшы бір айдан бері ауруханада жатыр.

“Кәсіпорында жарақат алу факторларын болдырмау үшін шұғыл шаралар тиісті деңгейде қабылданбаған. Қауіпсіз еңбек жағдайы мен қызметкерлердің ережелерді, нұсқаулықтарды және технологиялық тәртіпті сақтауын бақылауды тиісті дәрежеде істемеген”, - деді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов.

Пікірлер