Qarmet қызметкерлерінің қазасы туралы ақпаратты жоққа шығарды

1168
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

«Qarmet» АҚ қызметкерлерінің қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеп.

«Бүгінгі күні бірқатар БАҚ-та және телеграм-каналдарда «Qarmet» АҚ қызметкерлері демонтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде оқыс оқиға орын алды деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған», - делінген хабарламада.

Мәліметтерге сәйкес, демонтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде «Қазмеханомонтаж» ЖШС кәсіпорнының жұмысшылары апатқа ұшыраған.

«Qarmet» АҚ «Қазмеханомонтаж» ЖШС-нің қайтыс болған жұмысшыларының отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 25 тамызда Теміртаудағы “Qarmet” ЖШС-ның екі қызметкері жұмыс барысында апатқа ұшырап қаза тапқаны жайлы жазған едік.

Пікірлер