Құтқару бригадасы апат болған жерден Иран президентінің денесін алып кетті

1435
Adyrna.kz Telegram

Иран президенті Ибрагим Раиси мен тікұшақ апатында қаза тапқандардың денесі Тебризге жөнелтілді. Жедел іздестіру шарасы аяқталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы 2024 жылдың 20 мамырында Иранның Қызыл жарты ай қоғамы хабарлады.

«Президенттік тікұшақ апатында қаза тапқандардың барлық мәйіттері апат орнынан жедел жәрдемге жеткізіліп, Тебризге жөнелтілді... Мәйіттерді іздеу аяқталды», - деді Иран Қызыл жарты ай қоғамының басшысы Пир Хоссейн Коливанд.

Қараңғыда, тұман мен жаңбырда да іздестіру жұмыстары жалғасып, тікұшақтың сынықтары дрон арқылы анықталғанын атап өтті.

Иранның Қызыл жарты ай қоғамының басшысы президент Раисидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Пікірлер