Қазақстандық ару ескек есуден өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

1206
Adyrna.kz Telegram
фото: ҰОК
фото: ҰОК

Қазақстандық Мария Бровкова Самарқандта өткен жалғыз каноэде есуден өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Мария Бровкова Самарқандта өтіп жатқан олимпиадалық емес қашықтықтағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, Бровкова 500 м қашықтықта жалғыз каноэда есуден үшінші орынға табан тіреді. Ал украиналық каноэші Людмила Лузан бірінші орынды, ал чилилік Мария Майлард күміс алды.

Пікірлер