Қостанайдағы қатерлі қақпа оқиғасы. Осымен екінші жасөспірімді футбол қақпасы басып қалды

2524
Adyrna.kz Telegram

Қостанайда 16 жасар жаcөспірім ауыр жарақаттармен ауруханаға түсті. Оны зілдей футбол қақпасы басып қалған. Дәл осындай жағдай Қостанайда 2 апта бұрын да болған еді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

alau.kz-тің жазуынша, дәрігерлер үстіне футбол қақпасы құлаған науқасқа қатысты былай дейді:

«Науқастың 12 елі ішегі үзілген. Бұл – сипаты жағынан да, емделуі жаынан да ең ауыр жарақаттардың бірі. Асқынулар болуы мүмкін. Бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр, ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ота жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақтанды. Өз бетімен демалуы үшін аппаратты ажырату бойынша шешім қабылдаймыз», - деді облыстық балалар ауруханасы хирургиялық қызмет секторының меңгерушісі Игорь Белобржицкий.

Жасөспірімді жазым қылған оқиға 12 сәуір күні болған. Дәл мұндай дерекпен бұдан 2 апта бұрын Ұзынкөл ауданынан 16 жасар бала түскен. Төрт жыл бұрын "қақпа кесірінен" бір бала ажал құшқан. Дәрігерлер мұндай оқиғамен тіркелген ұзынкөлдік жас спортшының жағдайы мен Қостанайдағы жазатайым оқиғаға қатысты хабарлама жасады:

«Жасөспірімнің басына футбол қақпасы құлаған. Бас сүйек-ми жарақатымен түсті. Жағдайы орташа ауыр болды. Қазір жазылып келеді. Осыдан 4 жыл бұрын Қостанайда үстіне футбол қақпасы құлаған бала көз жұмған еді. Енді мұндай жағдайлар қайталанбайтын шығар деп ойлағанбыз. Өкінішке қарай, мәселе әлі де бар», - деді дәрігер.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер