Павлодарда терісі бағалы аңдарды атуға рұқсат берілді

1159
Adyrna.kz Telegram
Фото: kazlenta.kz
Фото: kazlenta.kz
Павлодар облысында екі мыңнан астам аңды атуға рұқсат берілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Терісі қымбат кей жануарларды ату туралы Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы жануарлар дүниесі бөлімінің басшысы Жасұлан Жұмашев мәлім етті.

"Атап айтқанда, өңірде  111 тұяқты аңды, 31 мыңнан астам құсты және 2 117 терісі қымбат аңды атуға рұқсат берілді. Сонымен қатар осы жылы барлық резервтік аңшылық алқабының төлқұжаттары дайындалды. Енді қыркүйек айының басында жалға беру конкурстарын бастаймыз", - деді бөлім басшысы.

Пікірлер