Күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған. Күдікті әйел кінәсіз екенін айтады

1032
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысында кісі өлтіруге тапсырыс беру ісі бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды “Адырна” порталы “Мой город” басылымына сілтеме жасап.

Айыпталушы ретінде 40 жастағы Эльвира Еркебаева мен 33 жастағы Максим Кузнецов есімді азаматтар бар.

Басылым мәліметінше, Еркебаева өзінің бұрынғы күйеуін өлтіру үшін арнайы киллер жалдапты. Сот отырысында адвокат Тамара Сәрсенова шағым түсіріп, айыпталушы Эльвира Еркебаеваға қатысты бұлтартпас шарасын өзгертуді сұрады.

"Менің қорғалушым қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмаған. Кәмелетке толмаған екі баласы бар. Жарты жылдан беру қамауда, режимді бұзған жоқ. Тұрғылықты баспанасы бар. Оны үйқамаққа жіберуді сұраймыз", – деді Сәрсенова.

Екінші айыпталушы Максим Кузнецовтың да қорғаушысы оның қант диабеті мен көзінде глаукома барын айтып, шағыммен келіскен.

Айыптаушының дерегіне сәйкес Эльвира Еркебаева бұрынғы күйеуі Ербол Еркебаевпен арадағы келіспеушіліктерге байланысты оны өлтіру үшін киллер жалдаған.

"Бұған дейін танысы Кузнецовпен байланысып, тапанша мен кісі өлтіре алатын адам тауып беруді сұраған. Сондай-ақ бұл үшін 2 миллион теңге төлейтінін де жеткізген. Кузнецов кейін осындай адамды іздеді", – деді прокурор Ізтілеуова.

2023 жылдың желтоқсанында кісі өлтіруге тапсырыс алған Ғалиев  ұйымдастырылған қылмыс жайлы полицияға хабарлапты.

Қылмыс осы жылдың 20 және 26 ақпан аралығында болады деп жоспарланған.

Ақсай қаласындағы "Бейбарыс" спорт кешенінің аумағында Кузнецов Ғалиевке 500 мың теңге, терезе ашу үшін бұранда, қолғап, медициналық маска мен көзілдірік те берілген.

26 ақпанда Еркебаева мен Кузнецовты полиция ұстады. Дегенмен сотта жәбірленушінің өзі болмады. Ал оның өкілі Ерлан Бердіғалиев бұрынғы жұбайы Еркебаеваға ешқандай шағымы жоқ екенін айтты.

Ал айыпталушылар кінәсіз екенін дәлелдей алатындарын айтқан.

Пікірлер