Жетісу облысында экс-депутат 7 жасар ұлды зорлады деген күдікке ілінді

1961
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жетісу облысында AMANAT партиясының экс-депутаты 7 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

Amanat партиясының Ақсу аудандық филиалының басшысы делінген Жақыпов Серікқан 7 жасар балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді.

Ақсу аудандық полициясы кәмелетке толмаған баланы зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.

“Күдікті ұсталып, қамауға алынған. Қажетті сот сараптамаларын тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Тергеу шеңберіндегі өзге де деректер ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде таратылуға жатпайды”, – деп хабарлайды Ақсу аудандық полиция бөлімінің баспасөз қызметі.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Amanat партиясының хабарлауынша, күдікке ілінген Ақсу аудандық филиалының басшысы 1 тамызда өз еркімен жұмыстан кеткен. Желідегі ақпаратқа қатысты партияның облыстық филиалы «осы айда партия мүшелеріне қатысты қылмыстық тергеу жүргізілмеді» деп пікір білдірді.

“Биыл тамызда Жетісу облысындағы «AMANAT» партиясы филиалдарының ешбір қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ және қандай да бір қылмыстық іс бойынша күдікті саналмайды. Жетісу облысындағы «AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы С. Жақыповқа келетін болсақ, ол осы жылы 1 тамызда өтініш беріп, өз еркімен жұмыстан босады”, – деп хабарлайды  «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Пікірлер