Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды

2700
Adyrna.kz Telegram
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

ҚР Парламенті Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы болып Ерлан Қошанов қайта сайланды. Ерлан Қошановтың кандидатурасын депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

ҚР Конституциясы 58-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 98 депутат Қошановтың палата спикері болуын қолдаған.

Айта кетейік, бүгін президенттің қасытуымен Парламенттің бірінші сессиясы өтті.

Пікірлер