Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов үйлену тойын жасамақ

2871
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram.com/aida_baurzhanova
Фото: instagram.com/aida_baurzhanova

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов сүйіктісіне үйленетінін айтып, жанкүйерлерін қуантты. Ол үйлену тойын қыркүйекке жоспарлаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Нариман Құрбанов гимнаст Аида Бауыржановамен шаңырақ көтермек. Бұл туралы спортшы Құрбанов Олимпиададағы жетістігінен кейін жаңалығымен бөліскен болатын. Қос спортшы осы жылдың қыркүйегінде бір отбасы болатындарын айтты.

"Қыркүйек – бір-бірімізге көбірек көңіл бөліп, өміріміздің жаңа тарауын бастайтын уақыт", – деді спортшы.

Нариман қалыңдығы Аидамен 2018 жылдан бері қарым-қатынаста екенін айтты. Олар жаттығу кезінде тіл табыса бастаған. Содан бері қос спортшы бір-бірінен ажырамай, спорт шыңдарын бірге бағындырып жүр.

"Аида екеуміз 2018 жылы таныстық, содан бері ажырамадық. Менің сүйіктім Аида да гимнаст, біз бірге спорт әлемінде шыңдарды бағындырамыз", – деді гимнаст.

Пікірлер