Париж Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы жарыс жолын аяқтады

1521
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Париж Олимпиадасындағы жарыс жолын ресми түрде аяқтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ел құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен 41-орынға тұрақтап тұр.

Биылғы Олимпиадада жалғыз алтынды дзюдодан Елдос Сметов жеңіп алды.

Күмісті гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим стилінің балуаны Демеу Жадраев (77 келіге дейін) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) жеңіп алды.

Олимпиадада үшінші орынды жеңіп алған Назым Қызайбай (бокстан қыздар арасында 50 келіге дейін), атқыштар Александра Ле және Ислам Сәтбаева (аралас командалық жарыстар) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев болды.

Париж Олимпиадасы бүгін мәресіне жетеді. Салтанатты жабылу рәсімі Астана уақытымен 23:00-ге жоспарланған.

Пікірлер