Арасында 11 баланың әкесі бар. Тағы да Alphard апатынан 6 адам қаза тапты

5225
Adyrna.kz Telegram

Тағы да Toyota Alphard көлігімен болған аса ауыр жол-көлік оқиғасынан бірден алты адам қаза тапты, олардың екеуі полиция қызметкері, тағы төрт адамның жағдайы ауыр екені айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«2024 жылғы 17 тамызда сағат 1.00 шамасында «Меркі-Шу-Бурылбайтал» республикалық тас жолының 40-шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, полиция патрульдік полициясының Skoda Octavia көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан қызметтік көлікте болған және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тас жолды күзетіп жүрген екі патрульдік полицей оқиға орнында қаза тапты. Қайтыс болған полицейлердің бірі 11 баласы бар әке. Toyota Alphard көлігінде сегіз жолаушы болған. Олардың төртеуі оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші мен қалған үш жолаушы әртүрлі ауырлықтағы жарақаттармен орталық аудандық ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады сенбі күні Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

«Осы қайғылы оқиғада қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Полиция жан-жақты тергеу жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды», - деп толықтырды тәртіп сақшылары.

 

Пікірлер