Қара тізімдегі ұялы телефондарға байланыс қызметі көрсетілмейтіні айтылды

1741
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда абоненттік ұялы байланыс құрылғылары қара тізімге енсе, бұдан былай оған байланыс қызметі көрсетілмейтіні айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Құжат 16 тамызда "Ашық құқықтық актілер" порталында "Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” тақырыбымен жарияланған.

Қара тізімде "ұялы байланыс қызметін көрсетуге тыйым салынған" мобильді құрылғылардың нөмірлері болады. Бұл тізімге Қағидаларға сәйкес сәйкестендіру кодының дерекқорына енгізілмеген құрылғылар кіреді.

Атап айтқанда, егер:

  • сәйкестендіру коды дұрыс емес немесе өзгертілген;
  • өндіруші тағайындаған сәйкестендіру коды жоқ;
  • сәйкестендіру коды мобильді байланыс қауымдастығының (GSMA) ғаламдық жүйесінде қара тізімге енгізілген;

Ақ тізім – ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге рұқсат етілген абоненттік ұялы құрылғылардың тізімі. Ол туралы ақпарат МИУ АЖ-де сәтті тексерілген және қағидаларға сәйкес абоненттік ұялы байланыс құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілген ұялы байланыс құрылғыларын қамтиды.

Сұр тізім – ұялы байланыс қызметтерін көрсетуде шектелген абоненттік ұялы байланыс құрылғыларының жиынтығы. Яғни ақ және қара тізімдерге енгізілмеген, абоненттің сәйкестендіру кодтарының дерекқорына уақытша енгізілген абоненттік ұялы байТелефоны сұр тізімде бар абонент бұл туралы хабардар болуы керек.

Пікірлер