Жарылыс эпицентріндегі ереуіл

1656
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Осыдан  35 жыл бұрын, 1989 жылы 15 тамызда Абай облысының (бұрынғы Семей облысы) орталығы Қарауыл ауылында «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысының белсенділері ұйымдастырған наразылық шарасы өтті.

Онда Қазақ ССР Жоғары Кеңесі мен АҚШ Конгресіне ядролық сынақтарға тыйым салу туралы үндеу мәтіні оқылды.

Семей ядролық сынақ полигоны - өзінің қиратушы күші бойынша әлемдегі төртінші ядролық әлеует – 1947 жылғы тамызда КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен құрылды, ол кезде ол "№2 оқу полигоны" деген шартты атауға ие болды.

Бұл алаңдағы ядролық қарудың алғашқы сынағы 1949 жылдың 29 тамызында өткізілді.

Жалпы, Семей ядролық сынақ полигонының 40 жылдық қызметі нәтижесінде адамдардың денсаулығына келтірілген залал орасан зор. Бұрынғы Семей облысының барлық аумағы ядролық жарылыстар өнімдерімен ластануға ұшырады, ал 1,2 миллион адам әртүрлі доза ауқымында радиациялық сәуле алды деп есептеледі.

1989 жылғы 12 ақпанда кезекті сынақтан кейін радиоактивті газдар жер бетіне шығарылды. 2 күннен кейін сынақ эпицентрінен 110 шақырым жерде радиациялық фон сағатына 4 000 микрорентгенді құрады. Бұл оқиға Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Олжас Сүлейменов басқарған антиядролық қозғалыстың құрылуына түрткі болды. 1989 жылғы 26 ақпанда тікелей эфирде өткен теледидарлық баяндамада ол Қазақстандағы ядролық сынақтарды тоқтату қажеттілігі туралы мәлімдеме жасады.

1989 жылдың 28 ақпанында Алматыдағы Жазушылар одағы ғимаратының алдында өткен митингте "Невада-Семей" антиядролық қозғалысын (кейін - "Невада – Семей") құру туралы шешім қабылданды. Ол 1989 жылдың сәуірінде ресми түрде тіркелді.

Қозғалыстың бастамасы бойынша КСРО Жоғарғы Кеңесі АҚШ Конгресіне парламенттік деңгейде сынақтарды тоқтату туралы диалогты бастауға шақырды. Қозғалыс көптеген наразылықтар, митингілер, бейбітшілік сабақтарын ұйымдастырды

Осылайша,  1989 жылы 15 тамызда Қарауыл ауылында «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысының белсенділері ұйымдастырған наразылық шарасы өткізіп,  Қазақ ССР Жоғары Кеңесі мен АҚШ Конгресіне ядролық сынақтарға тыйым салу туралы үндеу мәтіні оқыған еді.

Пікірлер