Ресей Курскідегі жағдайға байланысты ҰҚШҰ-дан көмек сұраған жоқ

1230
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҰҚШҰ әскерлері
  © Reuters
Фото: ҰҚШҰ әскерлері © Reuters

Ресей Курск облысындағы жағдайға байланысты Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) әскери көмек сұраған жоқ, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы NEWS.ru сайтына сілтеп.

«Әскери қақтығыстың ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағына өтуі  -шиеленістің жаңа кезеңі. Біздің аналитикалық қызметіміз тәулік бойы жұмыс істейді. Біз жағдайдың дамуын жіті бақылап отырамыз және ұйым жарғысына сәйкес әрекет етеміз. Хатшылық пен Ресей Федерациясының мүдделі мемлекеттік органдары жоспарлы түрде ақпарат алмасады. Қажет болған жағдайда ҰҚШҰ хатшылығы бұл жағдайда көзделген барлық рәсімдерді белгіленген мерзімде жүзеге асырады», - деп хабарлады ҰҚШҰ баспасөз қызметі.

ҰҚШҰ әскери көмек көрсету мәселесі ұйымға мүше мемлекеттің ресми өтініші болған жағдайда ғана туындауы мүмкін деп қосты. 

ҰҚШҰ-ға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения және Беларусь кіреді.

Бұған дейін НАТО штаб-пәтеріндегі Ресейдің бұрынғы бас өкілі, Мемлекеттік Думаның қорғаныс комитетінің мүшесі, отставкадағы генерал-полковник Виктор Заварзин қазіргі уақытта одақтастардың Курск аймағында шайқасқа шығуына ешқандай талап жоқ екенін айтқан. Оның айтуынша, олардың араласуы басқа да мәселелерге туындатады.

Пікірлер