Украина президенті Владимир Зеленскийдің бұрынғы кеңсе басшысы Андрей Ермак қызметінен босатылғаннан кейін майданға баратынын мәлімдеді. Бұл туралы New York Post жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мен майданға барғалы жатырмын. Кез келген қысымға дайынмын»,-деді ол.
Ермак қашан соғыс аймағына аттанатынын нақтыламады.
«Атыма кір келтірді. 2022 жылғы 24 ақпаннан бері Киевте жұмыс істегеніме қарамастан, абыройымды ешкім қорғамады. Зеленскийге кесірім тимегенін қалаймын, сондықтан майданға барамын»,-деп толықтырды ол.
28 қарашада Зеленский кеңсе басшысын қызметтен босатқан еді. Ол Ермактың қызметінен өз еркімен кету туралы өтініш бергенінін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар