Әскери сот Тұрлыхановтың ұлына қатысты мәлімдеме жасады

1353
Adyrna.kz Telegram
фото: Анна Чернованың Instagram желісіндегі видеосынан үзінді
фото: Анна Чернованың Instagram желісіндегі видеосынан үзінді

Алматы гарнизонының әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың сотталған ұлы Нұрасыл Болаттың Алматыда қыдырып жүрген видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Алматы гарнизонының Әскери соты Болат Н.-ға қатысты іс бойынша сот актісі оның тіркелген жері бойынша Астана қаласының Қылмыстық іздестіру департаментіне орындау үшін дереу жіберілгенін хабарлайды. Астана қаласы Байқоңыр ауданы бойынша Пробация қызметінің хатында үкiм бойынша мекенжайға сәйкес келмеуiне байланысты материал орындалмай қайтарылды»,—делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі сотталушының нақты тұрғылықты жерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілгенін атап өтті. Оған ер адамның деректерін сұрату кезінде екі қалада орналасқан екі мекенжайдың көрсетілуі себеп болған.

«Аталған рәсімдердің ұзақтығының себептерін анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша үкім Алматы мен Астанада тіркелген жері бойынша Пробация қызметіне жіберілді»,—деп толықтырды Әскери сот өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде шартты мерзімге сотталған Нұрасыл Болаттың түнде Алматыда жүрген видеосы тараған еді.

Пікірлер