Тұрлыхановтың жазасын өтеуші ұлының түнде Алматыда жүрген видеосы тарады

1628
Adyrna.kz Telegram
фото: Анна Чернованың Instagram желісіндегі видеосынан үзінді
фото: Анна Чернованың Instagram желісіндегі видеосынан үзінді

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат пробациялық бақылауды бұзды деп айыпталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат ерлі-зайыпты заңгерлер Черновтарға шабуыл жасағаны үшін 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын. Алайда, кеше 13 тамыз күні тараған видеода оның талапты орындамай жүргені байқалады. Нұрасыл Болат түнде көшеде темекі шегіп тұр және видео авторының сөзіне жауап қатпайды.

“Видео шамамен түнгі сағат 3-те жарияланды, ал ол кешкі 23.00-ден кейін үйде болуы керек. Оның үстіне оның тіркелген жері – Астана, бірақ видео түнде Алматыда түсірілген. Бұл жерде бірнеше құқықбұзушылық орын алып отыр”, – деп мәлімдеді адвокат Анна Чернова.

Жәбірленуші кінәлі адамның жазасын дұрыс өтемей жүргеніне наразы.

Айта кетсек, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич пен күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққан болатын. Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-ның 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Алғашында депутаттың ұлы айыппұлмен құтылғанымен, кейін Жоғарғы сот оған бас бостандығын шектеу жазасын берген болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер