Париж Олимпиадасының қола жүлдегері ешқандай сыйлық алмағанын айтты

1925
Adyrna.kz Telegram
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері ешқандай сый алмағанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Массагет сайтына сілтеп.

Париж ойындары кезінде алғашқылардың бірі болып жүлде алған Ислам Сәтбаев елге оралғаннан кейін әлі ешқандай сый-құрметке бөленбегенін айтты.

Ол нысана көздеу спортынан ел қоржынына қола сыйлаған.

“Мен – әскери адаммын, Армия орталық спорт клубының қолдауы қатты сезілді. Олар дайындыққа да, құралмен жабдықтауға да көп көмек етті. Ең күшті сый – жақындарымның күтіп алуы. Шыны керек, әлі сыйлық алған жоқпын", - деді спортшы.

Пікірлер