Ауыл кәсіпкері Олимпиада чемпионына 100 бас жылқы сыйламақ

1512
Adyrna.kz Telegram

Париж Олимпиадасында 60 келі салмақта сынға түскен Елдос Сметов қарсыласын жеңіп, алтын иеленген. Ақтөбелік кәсіпкер чемпионға ерекше сыйлық жасайтынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақтөбелік кәсіпкер Ануар Маханов 100 жылқы сыйламақ. Күллі қазақты жеңісімен қуантқан спортшыға жергілікті кәсіпкер  чемпионға 100 бас жылқы сыйлайтынын айтты.

Ол Париждегі қазақ батырымен тікелей сөйлесіп, сыйлығын дайындап қойғанын да жеткізген.

"Елдос – нағыз қазақ батыры. Ол осы алтынға жету үшін өз жастығын сарп етті. Ата-анасының, қалың елдің үмітін ақтап, жарақатына, көптеген қиындыққа қарамастан, еліміздің байрағын биіктетті. Бізде толып жатқан Олимпиада чемпионы жоқ, сондықтан Елдос батырымыз қандай құрметке де лайықты. Өзім ауыл шаруашылығымен айналысатындықтан, 100 жылқы тарту етемін", - дейді асыл тұқымды жылқы асыраумен айналысатын кәсіпкер Ануар Ақмырзаұлы.

Пікірлер