Олимпиада - 2024. Қазақстан күдік пен күманға толы қос күміс иеленді

977
Adyrna.kz Telegram

7 тамыздан 8 тамызға қараған түні  2024 жылғы Париждегі Олимпиадада финалға өткен қазақтың қос спортшысы күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Күміске ие болған спортшының бірі –қазақ балуаны Демеу Жадыраев. Ол грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде жапониялық Нао Кусакаға есе жіберіп, Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді.

Бұл 20 жылдан кейін алғаш рет грек-рим күресінен қазақстандық спортшының финалға шығуы. 2004 жылғы Афина Олимпиадасында аса ауыр салмақ дәрежесінде Георгий Цурцумия күміс жүлдеге қол жеткізген еді.

Екінші күмістің иесі –  боксшы Нұрбек Оралбай.  80 келі салмақ дәрежесінде Париж шаршы алаңына шыққан қазақстандық боксшы финалда украиналық Александр Хижнякқа есе жіберді.

Пікірлер