Ел спортшылары Париж олимпиадасына аттанды

1963
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР Бокс федерациясы
Фото: ҚР Бокс федерациясы

Еліміздің былғары қолғап шеберлері бүгін Париж олимпиадасына аттанып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Спорт сүйер қауым боксшылардан үміт күтіп отыр.

«Қазақстан бокс құрамасы үшін Олимпиада сапары басталды. Былғары қолғап шеберлері Алматы әуежайынан Францияға ұшты. Бортта он олимпиадалық үміт, бапкерлер, спарринг серіктестер және ғылыми топ мүшелері бар. 25 шілде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні Отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады», - делінген ҚР Бокс федерациясының хабарламасында.

Париж
Фото: Бокс федерациясы

Олимпиадада Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Асланбек Шымбергенов, ағайынды Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбай және Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғаса, әйелдерден Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова шаршы алаңға шығады.

Пікірлер