Мүгедекті жеке пайдасы үшін пайдаланған азамат ұсталды

1570
Adyrna.kz Telegram
Фото: pushinka.top
Фото: pushinka.top

Шымкенттік ер адам мүгедектерді мәжбүрлеп қайыр сұратқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы КТК-ға сілтеп.

35 жастағы ер адамды Түркістан облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері ұзақ уақыт аңдыған.

Ол қос бірдей аяғынан айырылған, арбаға таңылған егде жастағы ер адам мен денсаулығы нашар тағы бір азаматты екі жыл бойы аймақтың әр түкпіріне апарып, көшеде қол жайғызып, қайыр сұратқан.

Көптің берген ақшасын өз қалтасына басып отырған.

Ең сорақысы, ол екі жылдан соң қос қайыршыны өзге біреуге сатпақ болған. Сатып алушы ретінде хабарласқан жедел уәкілден екі мүгедекке 400 мың теңге сұрағаны анықталды. Осы соманы алу үстінде 35 жастағы күдікті ұсталып абақтыға қамалды. Қазір іске қатысы бар деген 10 адам тергеліп жатыр.

“Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жүргізілуде. Адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр. Өзге де ақпарат қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сай, жария етілмейді”, - дейді Түркістан облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Олжас Марин.

Пікірлер